Тоқаев Қытайдағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты

Іс-шара барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин сөз сөйлеп, әлемдік қауымдастыққа маңызды үндеу жасады.
«Адамзат тағы да бейбітшілік пен соғыстың, диалог пен қақтығыстың, өзара тиімді нәтижелер мен нөлдік сомалы ойынның арасында таңдау жасау алдында тұр», – Қытай басшысы.
Қытай көшбасшысы сонымен қатар, «Қытай ұлтының қайта жаңғыруын ешкім тоқтата алмайды» деп атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттер соғыстың қайталанбауы үшін тарихи сабақтарды ұмытпай, түпкі себептерді жоюға күш салуы керек.
Әскери парад Қытайдың ауқымды әскери қуатын көрсетумен қатар, бейбітшілікті сақтау мен ынтымақтастықты нығайтуға арналған символдық шара ретінде өтті.
Еске сала кетейік, Тоқаев бұған дейін Қытайдағы қазақ тілін үйреніп жүрген балалармен кездескен еді.
Дерекккөз: https://kz.kursiv.media/kk/