Главное

Тоқаев Қазақстандағы маңызды институттың директорын ауыстырды

Бүгін, 16 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директорын ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметінен мәлімдеді

Институтты бұрын кім басқарған еді

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, бұған институтты Еркін Тұқымов басқарған.

«Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды», — деп хабарлайды Ақорда.

Институттың жаңа директоры кім

Дереккөзге сүйенсек, енді институтты бұрынғы экономика вице-министрі Нұрлан Шаймарданов басқарады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды», — деп хабарлайды Ақорда.

Другие новости

Back to top button