Главное

Тоқаев Қарағойшинді қабылдады: «Бәйтерек» холдингі былтыр 416 млрд теңге таза табыс тапқан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, ол президентке холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріп, биылғы жоспарын таныстырды.

«Холдинг бизнеске 6 трлн теңгеге жуық қолдау көрсеткен. Оның 4,1 трлн теңгесі ірі, орта және шағын бизнесті қолдауға, ал 1,9 трлн теңгесі тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған. Холдинг активтері 14,1 трлн теңгеге жеткен. Инвестициялық және несие портфелі 10,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Таза табыс 416 млрд теңгені құрады», — деп хабарлайды Ақорда.

Бұдан өзге дереккөзге сүйенсек, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» базасында екі кепілдік қоры іске қосылған. Оның бірі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған,  ал екіншісі құны 7 миллиард теңгеден асатын ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.

«Тікелей инвестиция тарту бойынша бірқатар бастама, соның ішінде шетелдік серіктестермен бірлескен қорлар арқылы ауыл шаруашылығы, өңдеу және тау-кен металлургиясы салаларында жобалар жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Аталған қорлар «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында құрылады», — деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды.

Другие новости

Back to top button