Госорганы

Тоқаев: Қарағанды – еліміздегі урбанизация деңгейі ең жоғары облыс

Қарағанды – еліміздегі урбанизация деңгейі ең жоғары облыс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қарағанды – еліміздегі урбанизация деңгейі ең жоғары облыс. Өңір халқының 80 пайызы қалада тұрады. Мұндағы өндірістің едәуір бөлігі 5 моноқаланың еншісінде. Облыс тұрғындарының 40 пайызы осында қоныстанған.

Қала халқының тіршілігі ондағы ірі кәсіпорындарға тәуелді екені жасырын емес. Шағын қалалардан халық көшіп жатыр. Бұл – өзекті мәселе»

«Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Әкімдік Үкіметпен бірлесіп, осы жоба аясында басқа да шағын қалаларда іргелі бастамаларды қолға алуы керек.

Экономиканы әртараптандыру ісінде Балқаш өзгелерге үлгі бола алады. Мұнда ірі өнеркәсіп орындарымен қатар туризм саласын өркендетуге зор мүмкіндік бар»

Другие новости

Back to top button