Главное

Тоқаев Қанат Нұровты қабылдады: Қазақстанда кәсіпкерлердің құқығы қалай қорғалып жүр

Бүгін Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда кәсіпкерлердің арыз-шағымы 12 пайызға азайып келеді екен.

«Қанат Нұров хабарлағандай, кәсіпкерлердің құқығы бұзылуына қатысты келіп түскен 3275 шағымның 1759-ы (53,7%) бойынша оң шешім қабылданған. Соның нәтижесінде 20 миллиард теңгеден астам шығынның алдын алуға мүмкіндік туды. Жалпы, арыз-шағым саны 12 пайызға азайған», — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кейбір жекелеген жағдаяттар бойынша тиісті реттеуші және құқық қорғау органдарына талап-арыз жолданған.

«Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау шараларын одан әрі күшейту маңызды екеніне назар аударған. Кәсіпкерлікті қорғау стратегиясын жүзеге асыру аясында қордаланған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар тапсырма берді», — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button