Главное

Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қатарына қосылды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен танымал отандық өнерпаз Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қатарына қосылды. Бұл тізімді Аммандағы корольдік исламдық стратегиялық зерттеулер орталығы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдегі ең ықпалды мұсылмандардың тізімі 2009 жылдан бері құрастырылып келеді.
2022 жылы Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз әл-Сауд тізімнің көшін бастаған. Одан кейін Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи мен Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Сани тұр. Үздік бестікке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Иордания королі Абдалла II де кіреді.

Сонымен қатар, үздік 50-лікке Марокко королі Мұхаммед VI, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман, ағылшындық «Ливерпуль» клубының мысырлық футболшысы Мұхамед Салах пен «Талибан» қозғалысының жетекшісі Ахунзада кіреді.

Тізімде Қазақстанның екі өкілі – президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайберген бар. Екеуі де рейтингке алғаш рет қосылған, алайда үздік 50-дің қатарына кірмейді.

Другие новости

Back to top button