
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілі бойынша халықаралық ұйым туралы шарттың жобасын мақұлдады.
Тоқаев орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы шарттың жобасы мақұлдады.
Шартқа сәйкес бұл достық, татулық, ұлтаралық келісім, сенім және өзара түсіністік қағидаттары негізінде орыс тілін мемлекетаралық қарым-қатынас тілі және коммуникация құралы ретінде қолдау үшін жасалуда.
Құжатта орыс тілінің БҰҰ, ТМД, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Еуразиялық экономикалық одақтың, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының ресми және жұмыс тілі ретінде ұлтаралық коммуникацияның негізгі құралы ретіндегі рөлі көрсетілген.
Ұйымның міндеттері:
- Орыс тілінде сапалы білім беруді қолдау, «орыс тілі мен әдебиеті» және «орыс тілі шет тілі ретінде» бағыттары бойынша педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауға және орыс тілін оқыту саласындағы мамандардың кадрлық резервін қалыптастыруға жәрдемдесу;
- Орыс тілі саласындағы білім беру процесінің, ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу;
- Классикалық және қазіргі заманғы авторларының әдеби шығармаларын орыс тіліне және орыс тілінен басқа тілге аударуды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- Орыс тілін оқыту мен оқытудың перспективалары мен бағыттарын талқылау бойынша халықаралық ғылыми конференциялар өткізу;
- Халықаралық кітап көрмелерін, орыс тілі бойынша халықаралық диктанттарды, шешендік өнер конкурсын өткізу;
- «Орыс тілі» және «орыс әдебиеті»оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу құралдарына сараптама жүргізу бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
- Ұлтаралық қарым-қатынас тілі және коммуникация құралы ретінде орыс тілін қолдау және насихаттау мақсатында шығармашылық жобаларды іске асыруға гранттар алуға конкурстар құру.
Қазақстан мен Ресейден басқа құжатқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина қол қойды.