ГлавноеГосорганы

Тоқаев Костенко шахтасындағы апаттың алдын алған қарапайым жұмысшыға орден берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше күн бұрын Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы апаттың алдын алған Айбар Қосановты ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды», — деп хабарлады Ақорда.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 мамырында Костенко шахтасында өрт шыққан. Электр слесарь Айбар Қосанов қолда бар құралдардың көмегімен өрт ошағын ауыздықтап, апаттың алдын алған. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың күзінде бұл шахтада ірі апат болып, 46 шахтердің қаза тапқаны белгілі. Ел тарихындағы ең ірі апаттарға байланысты 2023 жылдың 29 қазанында Жалпыұлттық Аза тұту күні өткен болатын.

Другие новости

Back to top button