Госорганы

Тоқаев келесі құрылтай қай қалада өтетінін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі құрылтай қай қалада өтетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

— Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз.Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр.

Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын, деді Тоқаев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы – Ұлытауда;

2023 жылы – Түркістанда;

2024 жылы – Атырауда;

2025  жылы – Бурабайда өтті.

Другие новости

Back to top button