Главное

Тоқаев жас тігіншілермен кездесіп, оларға ақыл-кеңесін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технология паркінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Тоқаев инновациялық зертхана мен шеберханаларды аралап көрген. Студенттер мен жас мамандар осы шеберханада электроника, роботты техника, лазермен кесу, ағаш және металл өңдеу, полиграфия, 3D-дизайн, тігінші дағдыларын меңгеріп жүр.

«Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесу барысында қазір жаңа технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын дамыту өзекті болып отырғанын жеткізді. Президенттің айтуынша, елімізде көлік-логистика саласының білікті мамандарына сұраныс жоғары. Мемлекет басшысы жастарды келешектің кепілі саналатын сапалы білім алуға шақырды», — деп хабарлайды Ақорда.

Другие новости

Back to top button