ГлавноеГосорганы

Тоқаев жаңадан тағайындалған цифрлық даму министрін Ақордаға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәдиев президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады.

Оның айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған.

Одан бөлек министр жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді. Отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы айтты.

Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 мамырда Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Бағдат Мусин атқарған еді.

 

Другие новости

Back to top button