ГлавноеГосорганы

Тоқаев жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы Заңға қол қойды

Бұл заң жаһандық жасыл өсу институтының білім базасына қол жеткізуге жағдай жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Сенатта айтылғандай, заң Қазақстан сарапшыларына жаһандық жасыл өсу институтының білім базасына қол жеткізуге жағдай жасайды, делінген Tengrinews.kz ақпаратында. Заң экономикалық жасыл өсу моделін құруға мүмкіндік береді, атап айтқанда, осы бағытта жұмыс істейтін халықаралық ұйымдармен және халықаралық институттармен ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған.

«Осы келісім елімізде Жасыл экономика моделін енгізуге жәрдемдесуге бағытталған. Қабылданған заң жаһандық жасыл өсу институтының серіктес елдерімен жасыл технологиялар саласында тәжірибе алмасу үшін мүмкіндіктер ашады. Бұл Қазақстанның теңгерімді және тұрақты дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз», — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

 

Другие новости

Back to top button