Главное

Тоқаев Голан жоталарында бейбітшілік миссияға қатысқан әскери қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Голан жоталарында бейбітшілік миссияға қатысқан әскери қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды.

1. Әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгершілік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен

  • Айыпов Жігер Мұратұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының басқарма бастығы;

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен

  • Аппазов Сухраб Тохтыкожаевич – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының аға офицері –оқытушысы
  • Кәмен Бауыржан Қасымұлы – Қорғаныс министрлігі 58012 әскери бөлімі инженерлік батальонының штаб бастығы
  • Қасымов Мақсат Сейілханұлы – Қорғаныс министрлігі 99230 әскери бөлімінің офицері
  • Мырзанұлы Аллаберген – Қорғаныс министрлігі 74884 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы командасының командирі
  • Сабыржанов Есен Елшатұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімі барлау-шабуылдау (арнайы мақсаттағы) ротасының командирі
  • Сейдалин Руслан Жәнібекұлы – Қорғаныс министрлігі департамент бастығының орынбасары;

Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен

  • Мамырханов Біржан Еркінғазыұлы – Қорғаныс министрлігі 30217 әскери бөлімі танк батальонының сержанты;

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

  • Ағыбай Абылай Ержанұлы – Қорғаныс министрлігі 32388 әскери бөлімінің бөлімше командирі
  • Әкімов Самат Асанжанұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының нұсқаушы-сержанты
  • Дәулетов Рафик Мәжитұлы – Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының ауысым бастығы
  • Еркінов Дархан Еркінұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімінің бөлімше командирі
  • Кәрібаев Саян Қуантайұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының командирі
  • Кенжетай Ертай Жаңабергенұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының офицері (жарғышы)
  • Мұсайыпов Нұржан Нұрбекұлы – Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы басқармасының офицері
  • Нұрпейісов Ерлік Әбиірұлы – Қорғаныс министрлігі 22750 әскери бөлімі барлау тобының офицері (мергені)
  • Нұрымов Серік Асқарұлы – БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери өкілінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Барлау бас басқармасы әскери атташесінің орынбасары
  • Сисатов Азамат Амангелдіұлы – Қорғаныс министрлігінің басқарма бастығы
  • Төкенов Ұлан Нұрбекұлы – Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімінің аға офицері (таудағы даярлық жөніндегі нұсқаушысы)
  • Тіленшинова Сәния Қалымқызы – Қорғаныс министрлігі 44973 әскери бөлімінің аға маманы (аға радиотелефонисі).

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Другие новости

Back to top button