Главное
Тоқаев Ақордаға жауапты шенеуніктерді жинап алып, экономиканың қазіргі жай-күйін талқылады

Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Ақордаға:
- Премьер-министр Олжас Бектенов
- Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай
- Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов
- Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов
- Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариндер қатысқан.
«Олар ұлттық экономиканың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндама жасаған. Талқылау барысында Мемлекет басшысы республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызы зор екенін атап өтті», — деп хабарлайды Ақорда.
Жиында президент бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, барлық әлеуметтік міндеттемелер мен өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыруға, сонымен қатар қаражатты мақсатқа сай бөлуге және игеруге баса назар аудару қажет деп санайды.