Госорганы

Тоқаев Аида Балаеваға креативті индустрияны дамыту туралы міндет жүктеді

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорда хабарлағандай, Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндаған.

«Балаева ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты», — деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді.

Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау және аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Другие новости

Back to top button