Госорганы

Толық бакпен жолға шықпау қажет: Министрлік аптап ыстықта көлікпен сапарлайтындарға кеңес берді

 Ішкі істер министрлігі аптап ыстық күндері жолға шыққанда қандай ережелерді қаперде ұстау керектігін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апталық онлайн-брифингі барысында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі ыстық күндері көлікпен жолға шыққандарға мына ережелерді ұстануға шақырды:

— алыс қашықтықтағы сапарға таңертең немесе кешке ыстық басылған кезде шығу;

— медициналық көмек қобдишасы мен суды жүк салғышқа емес, өзіңе жақын жерде ұстау;

— қатты ыстық кезеңде көктайғақта қозғалғандай ақырын, сақ жүріңіз. Себебі жоғары температура жағдайында асфальт өзінің қасиеттерін жоғалтады және тайғақ болады;

— салқындату жүйесін үнемі бақылап, қозғалтқыштың салқындату жүйесіне күш түсірмеу;

— бакты толық толтырмаңыз. Өйткені, жоғары температурада дизель отыны мен бензиннің көлемі ұлғаяды, белсенді булану жүреді. Сонықтан мұндай жағдайларда өрт шығуы мүмкін. Осыған байланысты сапар алдында жарамды өрт сөндіргіштің бар-жоғын тексеру қажет;

— жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар жүргізушілер осындай уақытта жолға шықпағаны жөн;

— жағдайыңыз күрт нашарласа, көлікті дереу тоқтатып, басқа жүргізушілердің назарын аударыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз, құтқару қызметіне, полицияға қоңырау шалыңыз.

Другие новости

Back to top button