Культура

Толғақ туралы сұраған Ерке Есмаханды оқырмандары күлкіге қарқ қылды

Қазақ демография саласына үлкен қосып жатқан әншілердің бірі – Ерке Есмахан. Жаңа жыл қарсаңында дүниеге сәби әкелетін әнші соңғы жаңалықтарын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші жүктілік уақытының көбі кетіп, азы қалғанын айтты.

“Ең әдемі кезеңімнің тоғызыншы айы басталды. Әкесі екеуіміз асыға күтіп жүрміз. Айтатын ақылдарыңызды айтып қалыңыздар. Сұрақ-жауап бөлімінде уақыт өткізейік!”, – деп жазды жеке парақшасына.

Жұлдызды жұп болашақ сәбидің есімін салт-дәстүр бойынша ата-әжесінің еншісіне қалдырған. “Мені елеп жатқан ешкім жоқ. Ата-әжесінің тұңғыш немересі. Әкесі күтіп отыр. Сондықтан ат қоймайтыным анық. Құрсақта жатқанда-ақ әкесіне жақын екенін сездім. Сөйлесе қозғалып, жауап қайтарады. Ән айтып, азан шақырса тынышталып тыңдайды. Әкесі жоқ кезде мен сөйлесем, үнсіз қалады,” – деді әзіл-шыны аралас.

Сонымен қатар оқырмандар тарапынан толғақ туралы сұраққа да жауап берді.

Толғақ кезінде ата-бабадан қалған ырым-тыйымдарды қарша боратқан оқырман қауым әншіні күлкіге қарқ қылды. Бірі “Омырауыңыздың ұшын шығарыңыз, бала бірден көкірегіңізге келіп жатады” деп ескертсе, екіншісі сандықтың бетін ашып қойсаңыз тез босанасыз деп білгенін бөлісті.

“Босану процесін түсіресіз ба?” деген оқырман сауалына: “Босанбай жүргенде әрең әлеуметтік желіге кіремін. Босанып жатқанда ол туралы естен шығатын шығар. Раймға айтсам: “үш мобилограф алып кірейік” деді. Өзім дәрігерлерді тыңдамай тек боқтай беретін сияқтымын”, – деп уайымдайды әнші.

Другие новости

Back to top button