Спорт

Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған қаражат қайтарылды

Токио Олимпиадасы кезінде тиімсіз жұмсалған қаражат ел бюджетіне қайтарылды.

Бұл туралы Есеп комитеті мәлімдеді. Құзырлы мекеме Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетіне аудит жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтаған.

Қазіргі уақытта 1,3 млн теңге республикалық бюджетке қайтарылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына ел атынан 95 спортшы барып, спорттың 5 түрі бойынша 8 қола медаль ғана бұйырған еді.

Другие новости

Back to top button