«Тойдың орнына Дубайға кетті»: Бүркіт ата-анасын шетелге демалысқа жіберді

Қазақстандық жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша ата-анасын Дубайға демалысқа жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші Instagram желісінде ата-анасының Дубайда қалай демалып жүргенін көрсетті. Олар теңіз жағасында күнге қыздырынып, бассейнге шомылып жүр.
«Биыл әкемнің туған күнінің қарсаңында (88 жас) ата-анамызды тойдың орнына Дубайда он шақты күн демалып келсін деп шештік. Сөйтіп, ұшаққа отырғыздық та, шетелге бес жұлдызды қонақ үйге жібердік. Қазір ораза айында ауа райы ол жақта өте жақсы. Ол жақтан ағам қарсы алды. Жақсы бір демалыс болсын дедік. Дубайға бармағалы бес жылдай болыпты. Содан бал айы тәрізді, екі кісі кетті сонда. Ағам тамаққа апарып тұрды, шомылдырды, әйтеуір жақсылап тұрып қарады енді. Тіл білмеген соң қиын ғой. Екі кісі бізсіз жақсылап тұрып демалды десек артық айтпаспын. Ата-анамыз барда, біз бақытты жанбыз», –деп жазды Бүркіт.
Айта кетейік, Әнші Бүркіттің анасы келіні Аишаға өлең арнап, көпшіліктің ықыласына бөленген еді.
“Артық қылық көрсетпей, қиылып тұрған келінім.
Жақсы ісімен таңданып, қызығып тұрған келінім.
Артық ауыз сөйлемей, сызылып тұрған келінім.
Қас-қабағын үлкеннің аңғарып тұрған келінім”, – деп жазды ақын ана.