Тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы классикадан Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті

Ақпан айының 10 күні Ақтөбек қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Ақтөбе облысы әкімдігінің дене шынықтыру және басқармасыны ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей классика чемпионаты басталды.
Жарыстың ашылу салтанатына Ақтөбе облысы дене шынықтыру және басқармасының басшысы Махамбетов Мейрамбек, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ ректоры, Ақтөбе облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Қарабасова Лаура, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Даулет Ұзаққалиұлы қатысып спортшыларға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді.
Жарысқа 17 облыс, 3 қаладан жалпы саны 169 спортшы қатысып өз бақтарын сынап жатыр. Жарыс 19 ақпан күні өз мәресіне жетеді.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелей ерлер арасында орын алғандар:
1-орын Ануарбеков Дархан Батыс Қазақстан облысы
2-орын Керейбаев Ринат Павладар облысы
3-орын Бостандықов Бексұлтан Қызылорда облысы
3-орын Ауталипов Ерасыл Павлодар облысы
Әйелдер арасында ерлер арасында орын алғандар:
1-орын Исахан Аяна Абай облысы
2-орын Базаралиева Гульнара Астана қаласы
3-орын Қожанәсіп Аңсаған Қарағанды облысы
3-орын Маханбетамин Ұлдана Қызылорда облысы
Команда бойынша орын алғандар:
1-орын Қызылорда облысы
2-орын Астана қаласы
3-орын Павлодар облысы