Спорт

«Төбелес және сынған мұрын»: Қазақстан құрамасының ойыншысы жазаланды (видео)

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп ЦСКА-ға қарсы ойында төбелеске қатысып, сары қағаз алды. Бұл туралы SVesti.kz хабарлайды.

 

23 жастағы футболшы ойында негізгі құрамда шығып, матчтың қосымша уақытында Санкт-Петербург командасының айып алаңында ЦСКА шабуылшысы Антон Заболотныймен сөзге келіп қалды. Ойыншылар айып добын тағайындау мүмкіндігіне қатысты дауласып, төбелес шығарды. 6 ойыншы ескерту алды. Оның ішінде Әліп пен Заболотный да бар. Қазақстандық ойыншы үшін сары қағаз чемпионаттағы үшінші ескерту болды.

Қазақстандық жарақат алып, оған медициналық топтың көмегі қажет болды.

«Әліп төбелесі үшін сары қағаз алды. Бір минуттан кейін қазақстандыққа медициналық көмек қажет болды. Ол Виллиан Рошамен соқтығысқаннан кейін мұрнын сындырып алды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Нұралы Әліп ойынға оралды. Бірақ трансляцияда қорғаушының жарақат алғаны байқалды», — деп жазды Vesti.kz.

ЦСКА мен Зенит арасындағы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Другие новости

Back to top button