Госорганы

«Тізімде 109 ел бар»: шетелдік  туристер енді визаны онлайн форматта ала алады

Қазақстанға сапарлайтын туристер енді визаны онлайн форматта рәсімдей алады. Бұл тізімде әзірге 109 ел бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Аслан Аталықовтың айтуынша 80 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады.

«Қазір 1 айға дейінгі мерзімге туризм мақсатымен келетін шетелдіктер үшін ешқандай тіркеу түрі жоқ. Олардың келгені туралы қабылдаушы тұлғалар ғана хабарлауы тиіс», — деді ол.

Другие новости

Back to top button