Госорганы

Тізім нақтыланған: Қазақстан АЭС салғысы келетін елдермен келіссөзді аяқтады

Қазақстан атом электр станциясын салатын вендорлерді ұлттық мүддені ескере отырып таңдайды. Еліміздің Энергетика министрлігі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан атом электр станцияларына арналған технологияларды әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтады. Қысқа тізімге KHNP (Корея), CNNC (Қытай) және EDF (Франция)  компанияларымен қатар «Росатом» мемлекеттік корпорациясы да енді», — делінген хабарламада.

2025 жылғы 21 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресейге жұмыс сапарымен барған. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздер сериясының соңғы кезеңі болды, деп атап өтті министрлік.

Бұған дейін Қазақстан өкілдері Кореяға, Францияға және Қытайға осындай сапар жасаған.

«Жобаны жүзеге асыру үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау туралы соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Ол 2025 жылы Қазақстанның ұлттық мүддесін, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді ескере отырып қабылданады», — деп мәлімдеді ведомство.

Другие новости

Back to top button