Главное
«Титаниктегі» Джек пен Роуз болып тұр»: Мейрамханаға қайықпен кірген зейнеткерлер жұртқа жақпай қалды

Әлеуметтік желіде ерлі-зайыптылар тойға қайықпен кіріп, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көпшілік мейрамхананың Түркістан қаласында орналасқанын жазып жатыр. Ерекше тойдың иесі өзінің 63 жасқа келгенін дүркіретіп тойлаған.
Алайда тойдағы креатив желі қолданушыларына ұнамады. Олардың көпшілігі мұндай дарақылыққа жол беруге болмайтынын айтып жатыр. Тіпті, асабаның идеясы екенін де жасырмады. Осындай идея айтқаны үшін тағы да ақша алады екен.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, той иелерін сынап жатыр.
“Ұшатын тәрелкемен кірсе таңғалмаймын”, “Титаниктегі” Джек пен Роуз болып тұр”, “Қазақтар, шығармайтындарың жоқ. Не болса да ұят нәрсе ғой. Дардай адамдар… Асабаның ойлап тапқаны ғой», «Цирк», «Ал теңіз қайда?», «Әдемі ғой. Қанша жыл өмір өзенінен қол ұстасып бірге жүзіп өткен жандар. Қазір екінің бірі ажырасқан»– деп жазды көпшілік.