Главное
«Тіпті алғашқы ұстазға сыйлық бермеу керек»: Шымкентте шенеунік директорларға ескерту жасады (ВИДЕО)

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова жиналыстардың бірінде мұғалімдерден әлі күнге дейін ақша жиналатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен әлеуметтік желіні жіті бақылап отырмын. Әкімдіктің тарапынан да түсіп жатқан мәселе бар. Қаражат жинау мәселесі тоқтамай тұр. Қатаң түрде ескертеміз: мектеп үшін, алғашқы ұстазға, мұғалімге сыйлыққа деп ақша жинамау керек. Бірінші басшылар осыған жауапты болады», — деді Гүлназ Сүлейменова.
Еске салсақ, мұғалімдердің мектеп оқушыларынан сыйлық алуына тыйым салынған еді. Қандай да бір мақсатта ата-аналардан ақша жинау ережеге қайшы болады. Тек алғашқы қоңырауда ғана ұстаздарға гүл арқылы ілтипат білдіруге болады.