Главное
TikTok-та құмар ойын өткізген екі азамат қыруар қаржы тапқан (ВИДЕО)

Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті TikTok әлеуметтік желісі арқылы құмар ойын өткізген екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тікелей эфирлер арқылы 10 млн теңге тапқан
Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды.
«Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңге», — деп хабарлайды ҚМА.
Сот үкімі қандай
Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Сот біреуін бір жарым жылға соттаса, екіншісі 2 жарым жылға бостандығынан шектелді», — деп хабарлайды ҚМА.
Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған.