Культура

TikTok қызметі ақпарат министрінің желіні бұғаттау туралы мәлімдемесіне өз назын айтты

TikTok ойын-сауық қызметі мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның желіні бұғаттау мәлімдемесіне таңғалып, мұны орынсыз деп санады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

TikTok мәлімдеуінше, Қазақстан әркез желінің бастамаларын қолдап отырады. Олар мұндай мәлімдемені күтпеген болса керек.

«Бізді Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің елде TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқанына таңғалдырды. Өйткені министрлік Наурыз онлайн-фестивалі мен шығармашылық қысқаша іс-шара сияқты көптеген бастамаларымызды белсенді түрде қолдайды. Өткен жұмада Алматыдағы іс-шарада министрліктің өкілі сөз сөйлеп, TikTok-ты мәдениет пен басқа да пайдалы контентті ілгерілетуге көмектесетін платформа ретінде жоғары бағалаған еді», – делінген хабарламада.

Олардың мәлімдеуінше, TikTok-тың басымдығы – жас қолданушылардың қауіпсіздігін қорғауда.

«Қауымдастық нұсқауларын бұзатын контенттер жедел өшіріліп отырады. 2023 жылы TikTok саясатын бұзған қазақстандықтардың төрт миллионнан астам видеосын өшірдік. Біз Қазақстанның мүдделі органдарымен, соның ішінде мәдениет және ақпарат министрлігімен және ішкі істер министрлігімен тікелей жұмыс істейміз. Соңғы айларда бізге кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қатысты контентті жою туралы өтініштер түскен жоқ. Соны ескере отырып, министрдің мәлімдемесі сәйкес келмейтінін атап өткен жөн», – деді қызметі.

Бұған дейін депутат кәмелет жасқа толмағандарға TikTok желісін пайдалануға тыйым салуды ұсынған еді. Аида Балаева бұл мәселе қолға алынғанын атап өтті.

Другие новости

Back to top button