Госорганы

TikTok желісінде құмар ойын жүргізетін 100-ден астам аккаунт анықталды – ҚМА

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған

Қазіргі уақытта TikTok желісінде құмар ойындар заңсыз таратылуда. Қаржы мониторингі агенттігі хабарлағандай, негізінен карта, сүйек лақтыру және онлайн рулетка ойындары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Желілік талдау нәтижесінде біз онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтадық.

Осы жерде ұйымдастырушылар мен қатысушылардың әрекеті – заңсыз, ҚР ҚҚ 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде сотталғандар бар», — делінген ведомство хабарламасында.

Мәселен, TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта сот TikTok желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралып жатыр.

Другие новости

Back to top button