Госорганы

Тик-Ток жұлдызы Мұрат Әбділдә әзірге бостандыққа шықпайды

Судья Талғат Қахаров Мұрат Әбділдәнің бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады. Сотталушы істеген қылығына өкінетінін, қазір тәртібінің түзелгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен сізден жаза шарттарын ауыстыруыңызды сұраймын. Мен бәрін түсіндім, бәрінен кешірім сұраймын. Енді қайталамаймын. Жұмыс істеп, дұрыс өмір сүремін. Жаза шарттарын айыппұлға ауыстыруыңызды өтінемін. Бүкіл айыппұлды төлеймін», — деді ол.

Прокурор соттан Әбділдәның өтінішін қанағаттандырмауды сұрады.

Еске салсақ, 2022 жылы желі жұлдызы Мұрат Әбділдә әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырды деген айыппен 4,5 жылға сотталған.

Другие новости

Back to top button