Бизнес

Texaco Lubricants өнеркәсіптік компрессорларды терең тазалауға арналған Texaco VARTECH технологиясын ұсынды

Texaco Lubricants өнеркәсіптік компрессорлардыңтиімділігін арттыруға және жұмыс барысында кенеттен тоқтап қалуды азайтуға арналған TexacoVARTECH кешенді шешімін ұсынды. TexacoVARTECH құрылғылардың ішіндегі лак шөгінділеріназайтатын екі сатылы тазалауды қамтамасыз етеді.

Лактың қабатталып жиналып қалуыайналмалыбұрандалы ауа компрессорларына (АБАК) тәнкең таралған мәселе болып табылады, соның салдарынанқұрылғы күтпеген жерден тоқтап қалуы, техникалыққызмет көрсету шығындарының артуы мүмкін, оған қосаәлеуетті кірістен айырылып қалуға болады. Компрессорларды күтіп ұстау үшін қолданылатынөнімдерінің көпшілігі мәселе туындаған кезде тазалауғабағытталған, ал Texaco VARTECH болса, лак қабаттарынкетіріп қана қоймай, сонымен қатар оның түзілуіне жолбермеуге көмектеседі, осылайша жабдықтың өнімділігінжақсартады.

Лак маймен жұмыс істейтін жүйелерде түзілетін шөгінділердің әрқилы түрлерін білдіретін кең ауқымды ұғым, компрессорларда жоғары температура мен тотығудан пайда болады. Оқшаулағыш ретінде әрекет етеотырып, өнеркәсіптік процессорларда жылудыңтаралуына кедергі болады және температураны жоғарылатады, сөйтіп ақыр соңында істен шығуына себепші болуы мүмкін.

Әдеттегі тазалау құралдары көбінесе тиімсіз. Олар компрессорлардың жасырын жерлерінде лак қалдырып кетеді немесе қалың қабаттарды мүлдем кетіре алмайды.Texaco ұсынған VARTECH технологиясы екі сатылы тазарлау арқылы лакты әртүрлі бұрыштан тазалап, жояды. Алдымен VARTECH өнеркәсіптік тазартқышы (ISC) жиналып қалған лак шөгінділерін жойып, құрылғыны тазамайды пайдалануға дайындайды. Екінші сатыда премиум санатты Texaco компрессорлық майларының бірі, мысалы,Cetus® VDL, Cetus HiPerSyn® немесе Cetus PAOқұйылады.

Cetus HiPerSyn және Cetus PAO уақыт өте келе лак шөгінділерін тудыруы мүмкін тотығудың жанама өнімдерінің пайда болуынан қорғау үшін арнайы әзірленген. Оның үстіне Cetus VDL компрессордың тотығуға төзімділігін арттырады және коррозиядан қорғайды.

Майды тұрақты және терең талдау үшін Texaco LubeWatch бағдарламасы аса қолайлы. Ол инженерлерге лактың қабатталып жиналуынан туындайтын мәселелерді өнеркәсіптік компрессорларда ақау туындамас бұрын болдырмауға мүмкіндік береді.

«Көптеген далалық сынақтар арқылы лак әдетте ұзақ уақыт бойы түзілгенімен, бірнеше ай ішінде де түзілуімүмкін екенін анықтадық, деді Гуус Фолькштедт, Еуропа бойынша Texaco Lubricants көшпелі техникалық менеджері. Мысалы, компрессорды орнату және пайдалану кезінде. Лак майды кері қайтару клапанын бітеп тастайды, соның салдарынан жедел қызмет көрсету үшін жабдықты мәжбүрлі түрде өшіруге тура келеді».

Гуус Фолькштедт тағы бір мысал келтірді: май салқындатқышта лак түзілгенде жылудың таралуына бөгет болады, нәтижесінде компрессордағы май температурасы жоғарылап, құрылғыны апаттық өшіруге әкеледі.

«Сонымен қатар май қыза бастайтындықтан, тезірек тотығады, сөйтіп бұрынғыдан да көбірек лак түзілуіне жол ашады. Ақыр соңында майлау қасиеттері нашарлап, компрессорды жоспардан тыс тоқтатуға мәжбүрлейдінемесе зақымдануға ұшыратады», деп түсіндірді Гуус Фолькштедт.

«Біз техникалық қызмет көрсету инженерлері техникалық қызмет көрсетуге барынша аз шығыншығара отырып, жабдықтың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мәжбүр болатынын түсінеміз. Міне, сондықтан Texaco ұсынған лак түзілуімен күресуге арналған кешенді шешім жұмыс істеп тұрған жүйені тазалауға көмектесіп қана қоймай, оны ұзақ уақыт бойы таза ұстап тұруға арналған. Соның арқасында оңтайлы өнімділікке қол жеткізуге көмектеседі», деді ол.

Texaco VARTECH арқасында лак түзілуінен туындайтын көптеген мәселелердің алдын алып қана қоймай, сонымен қатар компрессорларды тазалауға кететін шығындардыазайтуға, олардың өнімділігін оңтайландыруға, майдың қызмет мерзімін ұзартуға, жабдықтың іркіліссіз жұмыс істеу уақытын және жалпы қызмет мерзімін арттыруға болады.

Толығырақ қосымша ақпаратты сайттан алуға болады.

Chevron туралы

Chevron әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзаттың өркендеуін қамтамасыз ету үшін бағасы қолжетімді, сенімді және экологиялық таза энергия көздері қажет деп санаймыз. Chevron шикі мұнай және табиғи газ өндіреді, көлікке арналған жанармай, майлау материалдарын, мұнай-химия өнімдерін және қоспалар шығарады. Сонымен қатар біз өз бизнесімізді және жалпы саланы жақсарту үшін түрлі технологиялар жасап шығарамыз. Компания жаңғырмалы отын, сутегі, көміртекті қармау, шығарындылардың орнын толтыру және атмосферадакөміртегі ізін азайтуға көмектесетін тың технологиялар саласында жаңа төмен көміртекті кәсіпорындарды дамытумен айналысады. Chevron туралы толық ақпараттысайттан алуға болады.

Chevron компаниясының бай мұрасы және Еуропада 100 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, компания Texaco® брендімен майлау материалдарын сатады. Өзінің Texaco Lubricants озық технологияларының арқасында жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді және жеңіл көліктерге, ауыр жағдайда жұмыс істеуге арналған дизель қозғалтқыштарына, жүк көліктеріне арналған мотор майларының, антифриздің, салқындатқыш сұйықтықтардың кең ассортиментіне және бүкіл әлемдегікәсіпорындар мен жүргізушілер пайдаланатын Havoline®, Delo®, HDAX®, VARTECH® және Techron®брендтерімен шығарылатын өнеркәсіптік майлау материалдарының кең ауқымына ие. Толығырақ білу үшін сайтымызға кіріңіз.

Другие новости

Back to top button