Алматы

Терезеден ұшып кетті: Алматы маңында жаға ұстатарлық жол апаты орын алған

Алматының маңында жаға ұстатарлық жол апаты болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

 

Оқиға 15 мамырда таңғы сағат 06:40 шамасында Белбұлақ ауылының маңындағы Талғар тас жолында болған. Mercedes жоғары жылдамдықпен жол жиегіне шығып, ғимараттың баспалдақтарымен соқтығысты.

«Таң Шолпан» дүкенінің жанында көлік «сальто» жасаған. Жүргізуші де терезеден ұшып кетті.

Құқық қорғау органдары сұрау салып, оқиғаның егжей-тегжейін тез анықтады. Рөльде 20 жастағы жүргізуші болған.

«Mercedes автокөлігін басқара отырып, ол Алматы-Талғар автожолымен жүрді. 15-ші шақырымда жүргізуші рөльді басқара алмады және соқтығысуға жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған жүргізуші Талғар ауруханасына жеткізілді», — деп атап өтті өңірлік полиция департаменті.

Аталған факт Талғар ауданының полициясында қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі бойынша «Абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша тіркелді.

«Іс бойынша барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс — шаралары жүргізілуде», – деп толықтырды полиция.

Айта кету керек, ҚК-нің 345-бабы бойынша 160 АЕК-ке дейін (552 мың теңге) айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе екі жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 40 тәулікке дейін қамау көзделген.

Другие новости

Back to top button