Недра Казахстана

Теңіз кен орнында мұнай төгілді

12 қарашада мұнай резервуарлар паркі мен ТШО компаниясына тиесілі КТЖ (кешенді технологиялық желі) газ өңдеу зауыты арасындағы жерасты желісінде мұнай ағып жатқаны байқалған. Төгілген мұнай көлемі – шамамен 50 текше метр.

Kazinform бұл туралы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Теңізшевройл» компаниясы ақпаратты растады.

— 12 қарашада Теңіз кен орнында мұнай ағып жатқаны анықталып, Теңізшевройлдың (ТШО) апат бригадасы оны тоқтату үшін дереу іс-әрекетке көшті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының нормалары мен қауіпсіздік шарттарына сай келеңсіздікті жою амалдары іске асырылып жатыр. Тиісті органдардың бәріне ескертілді. ТШО компаниясы өндірістік қызметін қалыпты режимде жалғастырып жатыр, — деп жауап берді компанияның баспасөз қызметі.

Осы жағдайға байланысты Атырау облыстық экология департаментінен ақпарат ала алмадық.

Другие новости

Back to top button