Костанайская область

Теміртауда бір топ еркек жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін сабап тастаған

Тергеу барысын Теміртау қаласы ПБ басшылығы жеке бақылауына алды

Теміртауда жедел жәрдем станциясының қызметкерлері өздерінің жұмыс күндерінде кездесіп тұратын қиын жағдайлармен бөлісіп, желіде хат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлер бригадасының мәліметінше, 21 қарашада Қарағанды облысының Ақтау ауылындағы темір жол өткелінде Lexus көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, жедел жәрдем көлігінің қозғалысына кедергі келтірген. Ақырында Lexus пен жедел жәрдем жүргізушілері өзара сөзге келіп, оның арты қоқан-лоқыға ұласқан.

Бір сағаттан кейін Lexus жүргізушісі жедел жәрдем базасына пышақ ұстап келіп, жанжалдасқан жүргізушіні шақырып, іздей бастаған. Оны өлтіретінін айтқан. Фельдшерлер оны сабырға шақырып, кейін ол кетіп қалған.

Жедел жәрдем көлігі аяғы ауыр келіншектің жағдайына байланысты келесі шақырту бойынша жолға шыққанда тағы бір бөлек адам іздеріне түскен. Ол оның соңдарынан қалмай, қайда бара жатқандарын сұраған. Олар жүкті әйелге көмекке асығып бара жатқандарын жеткізген. Соған қарамастан бейтаныс адам жедел жәрдем көлігінің артынан ілесіп отырған.

Дәрігерлер аяғы ауыр келіншекті мына жақта босандырып жатқанда үш ер адам жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрып тастаған. Ол аз болғандай оқиға орнына тағы 20 адамнан тұратын топ келген. Фельдшер жаңа босанған әйелді ауруханаға шұғыл жеткізу керектігін айтып, ақыры топ адамды тарата алған.

Жанжал мұнымен аяқталмаған. 24 қарашада жедел жәрдем базасына тағы да бірнеше ер адам келіп, жанжалдасқан жүргізушіні тауып беруді талап еткен. Ол күні ауысымда басқа жүргізуші болғанына көздері жеткен соң олар кетіп қалған.

Қарағанды облысының полиция департаментінде жүргізушіні ұрып-соғу фактісіне сәйкес «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу амалдары қолға алынғанын жеткізді. Тергеу барысын Теміртау қаласы ПБ басшылығы жеке бақылауына алды.

Другие новости

Back to top button