Нур-Султан

«Тележүргізуші болғысы келген»: Салтанат Нүкенованың жақындары марқұмның орындалмаған армандары туралы айтты

Елордадағы мейрамханалардың бірінде жауыздықпен өлтірілген Салтанат Нүкенованың жақындары оқиға туралы толығырақ айта отырып, бірнеше естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Салтанат Нүкенова 9 қарашада өлтірілді. Күдікті – күйеуі Қуандық Бишімбаев. Қазір экс-министр уақытша ұстау изоляторында отыр.

Ағасы Салтанаттың қатігездікпен өлтірілгенін айтады.

“Басында бірнеше ойықтар бар. Қалай басын тесіп жібергенін білмейміз. Қолы, денесі, арқасы да ойылған. Қарындасымның сау жері жоқ”, – деді марқұмның ағасы Қайрат Нүкенов.

Туыстары, достары мен таныстары Салтанатты ақкөңіл, көңілді және табанды қыз ретінде еске алады. Ол астрологиямен айналысқан. Тәлімгерінің айтуынша, Нүкенованың болашаққа жоспары үлкен еді.

“Бәріне үлгергісі келетін. Оқу оқып, ізденісте жүретін және тележүргізуші бойынша кастингтерге барған. Оған қарап, қандай керемет жастар өсіп жатыр деп ойлайтын едім. Бойында мақсат, амбиция болды”, – деді марқұмның тәлімгері Аида Ғалеева.

Осыдан кейін елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды талап етіп, оны жеке бап ретінде қарау ұсынылған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігіне Бишімбаев ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Другие новости

Back to top button