Нур-Султан

«Тазалық өмірден қымбат па?»: Желіде астаналық тұрғынның 17-қабат терезесін жуған видеосы талқыға түсті

Желіде ешбір сақтандырусыз сырттағы тар терезе алдында 17-қабаттан терезе жуып жатқан астаналық әйелдің видеосы тарап, қызу талқыға түсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Көпқабатты үйдің 17-қабатында терезе жуып жатқан қыздың видеосы Instagram желісінде жылдам тарап, халықтың наразылығын тудырды.

Желі қолданушыларының бірі тұрғынды тазалық компаниясының қызметкері деп ойласа, енді бірі бұл пікірге қарсы шықты.

«Тазалық компаниясының қызметкері емес. Олар терезені арнайы құралдармен сүртеді. Бұлай қауіпті жерге шығып алмайды”, “Кірпияз, тазалық деп есі кеткен әйел шығар”, “Бұл сол пәтердің иесі екені анық. Неге терезе жуатын мамандарды шақыртпаған”, “Терезенің тазалығы өмірден қымбат па?», «Терезелерім одан да кір боп тұрсын», – деді көпшілік.

 

Другие новости

Back to top button