Культура

«Тәрбиелейтін жастан өтіп кеттім»: Айгүл Иманбаева ұлымен арада болатын келіспеушіліктер жайлы айтты

Отандық әнші Айгүл Иманбаева алғаш рет ұлымен арада болатын келіспеушіліктер жайлы айтты. «Қыздар-ай» бағдарламасына келген әнші ұлынан жиі кешірім сұрайтынын баяндап, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.ВАС 

«Баламмен де арада келіспеушіліктер болады. Ол да менің басымдағы дүниелерге байланысты екен. Оның да бойындағы өкпе-назы жетеді, маған да, әкесіне де. Ол балада да бір кем дүние бар ғой. Бұрын айтқанда қабылдамағанмын. Өтірік айтпай-ақ қояйын, осыдан бір ай бұрын Алматыдағы концерттен кейін балам айтты. Екеуіміз шығармашылық адам болғаннан кейін құжатқа қатысты жұмысты мен түсіндіре алмаймын. Жете түсінбейтін бала емес. Жасы 25-те болса да, 60 жастағы шалдыкі сияқты. Жаңағы нәрсені мен түсіндіре алмаймын.

«Анашым, сен қалай түсінбейсің? Ертең ол бітеді, өткізу керек» деп айтып жатыр. Мен қатты нұқып айтқанымда, «Анашым, мені тәрбиелейтін жастан өтіп кеттім. Тәрбиелесең, неге мені кішкентай кезімде тәрбиелемедің» деп, бала кезде жанында көп болмағанымды айтып салды.

Мен қабылдадым. Мен баламнан жиі кешірім сұрап тұрамын. Кешірім сұрасам, шошып кетеді.

«Анашым қойшы, менің саған алғыстан басқа айтарым жоқ» деп алғысын айтады. Алғысын айтып тұрады. Мен «Жаныңда болмағаныма кешірші» деп айтып отырамын. Бірақ, онда әлі құлазыған эмоция бар», — деді Айгүл Иманбаева. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айгүл Иманбаева Лондоннан балалы боп оралуға ниетті екенін айтқан болатын. Т

 

Другие новости

Back to top button