Жамбылская область

Тараздағы имам резонанстан кейін қариялардың 3000 долларын бір күнде тауып берген

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Танты ауылындағы «Танта баба» мешітінің имамы Қанат Қуанышбеков 2024 жылдың жазында Умраға барғысы келген ерлі-зайыпты қарияларды қажылыққа жіберемін деп, олардың зейнетақыдан жинаған 3000 долларын алып, осы уақытқа дейін қайтрамағанын жазғамыз. Azattyq Rýhy мақаласынан кейін Қуанышбеков зейнеткерлерге 3000 долларын бір күнде тауып берген.

Бұл туралы редакциямызға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті өкілдігінен хабарлады.

«20.11.2024 жылы Қ.Қуанышбеков ақсақалдан Умра сапары үшін алған 3000 доллар ақшасын қайтарып бергенін хабарлаймыз. Мұны ақсақал өзі де растап, қол хат жазып берді. ҚМДБ дін қызметкерлерінің этикасын бұзғаны үшін Қ.Қуанышбаевқа тиісті тәртіптік шара қолдану үшін ҚМДБ Орталық аппаратына ұсыныс жіберілетінін хабарлаймыз», — деп мәлімдеді өкілдік.

Бұл оқиға туралы толық ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыздар.

Другие новости

Back to top button