Жамбылская область

Таразда дәрігерлер жаңа туған сәбиді сату үстінде ұсталды

Жамбыл облысында сәби саудаламақ болған дәрігерлер ұсталды. Олар жаңа туған нәрестені сатып жібермек болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Сәби саудаламақ болған дәрігерді Тараз қаласының прокуратурасы мен Жамбыл облысы полиция департаменті анықтады. Дерекке сүйенсек, Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталған. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған қылмыстық істің тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

 

Другие новости

Back to top button