Главное
Таразда 150-ге жуық мұғалім түнгі уақытта, мереке, демалыс күндері жұмысқа жегілген

Тараз қаласындағы орта мектептердің 147 мұғаліміне қатысты еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды. Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Прокурорлардың мәліметінше, педагогтарға мерекелік, демалыс және түнгі уақыттарда атқарған еңбектері үшін үстемеақы төленбеген. Сондай-ақ ұжымдық шарттар сақталмаған.
Конституциялық құқықтар қорғалды
Аталған заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Конституцияға қайшы келеді.
Прокуратура қабылдаған қадағалау актісінің нәтижесінде, мұғалімдерге тиісті ақылар толықтай төленіп, олардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Еңбек құқығы – әр азаматтың негізгі кепілдігі
Заңнамаға сәйкес, әрбір азаматтың тынығуға, лайықты еңбек жағдайына және әділ еңбекақыға құқығы бар. Прокуратура өкілдері бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасатынын айтты.