Госорганы

Танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 30 тәулікке ұзартқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«17 тамызда күдіктіге қатысты қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды», — делінегн сот хабарламасында.

Айта кетерілігі, Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі ертең, 19 тамызда аяқталуы керек болатын. Осылайша, қаржылық пирамидаға қатысы бар деген күдікке ілінген блогер әлі бір ай қамауда отыратын болды.

Еске салсақ, 10 ақпанда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

 

Другие новости

Back to top button