Мангистауская область
Танымал тележүргізуші Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келген Бекзат Жүсіп Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«1989 жылы туған Бекзат Жүсіп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Ұлыбританиядағы Шығыс Англия университетінің магистратурасын тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі», — деп жазды қала әкімдігі.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған. Одан кейін Бекзат Жүсіп біраз қызметте жұмыс істеген.
- 2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді.
- 2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор.
- 2019-2021 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры.
- 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.
- 2022–2023 — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары
- 2023–2024 — «Qazcontent» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымдарында болды.