Социум

Танымал ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк дүниеден озды

Ресейлік кино және театр актрисасы, тележүргізуші Анастасия Заворотнюк 53 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Өнер иесінің қазасын әртістің жақындары оның әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Құрметті достар! Бұл жағдайды түсіну және сөз табудың өзі өте қиын. Бүгін түнде ұзаққа созылған ауыр науқастан біздің Настяның өмірі үзілді. Оған шын жүректен жақсылық тілеп, сауығып кетуіне тілектес болған, жылы сөзін аямаған әрқайсыңызға алғысымыз шексіз. Настя сіздердің қолдауыңызды әрқашан сезініп, бағалай білді. Қоштасу орны мен уақытын кешке хабарлаймыз», – делінген актрисаның Instagram парақшасында.


Айта кетейік, Анастасия Заворотнюк 1971 жылы 3 сәуірде Астрахан қаласында дүниеге келген.

2019 жылдан бері киноға түсуді тоқтатып, ми ісігімен (глиобластома) күресті.

Қазақстандық көрерменге «Менің сүйікті күтушім» сериалы арқылы кеңінен танылған.

Другие новости

Back to top button