Культура

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлынан ЛГБТ өкілдері көмек сұраған

Нұрлан Байжігітұлы имамдарға да психологиялық білімнің қажет екенін айтты

ЛГБТ өкілдерінің бәрін емдеуге адами ресурс та, уақыт та жетпейді. Сол үшін қоғамда ондайлардың пайда болмауына ықпал етуіміз керек. Бұл туралы танымал имам Нұрлан Байжігітұлы тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нұрлан Байжігітұлы діни білімінен бөлек, Ресейде психология мамандығы бойынша да жоғары оқу орнын тәмамдаған. Оның бұл саланы меңгеруіне қоғамдағы өзекті мәселелер ықпал еткен.

«Маған көзқарасы өзгерген, ашып айтқанда, еркекпен еркек бір-біріне ғашық болған азаматтар келді. Солармен жұмыс істеу барысында психологиялық білімімнің жетпейтінін түсіндім. Жігіттің біреуі «мешітке барсам, ондағылар маған бұл харам, кәпір деген сөздерді ғана айтады, басқа ешнәрсе айтпайды» деді. Ол жігіттің рух ілімінде, жүрегінде не бар екенін түсініп, соған тиісті ем-домды жасауға маған күш жетпеді, білімім жетпеді. Сол кезде маған психологиялық базаның керек екенін түсіндім. Біз мінберде тұрып, бір жақты айтқаннан кейін, оның деңгейіне түсу өте қиын болды. Ал психология соның деңгейіне түсіп, оны түсінуіме жәрдемдесті», — дейді имам.

Нұрлан Байжігітұлының сөзіне сенсек, дәстүрлі емес көзқараста болған әлгі екі азамат та бүгін түзу жолға түскен. Біреуі тіпті иманын күшейтіп, намазға жығылыпты.

«Екіншісін тіпті молдалар оқып, қамшымен ұрған екен. Бұл жерде жынның ешқандай қатысы жоқ. Ақыл-есі дұрыс жігіт. Оның проблемасы отбасынан болған. Ол жігіттің отбасында әкесі анасын сабаған және ол үнемі болған. Сондай-ақ, олардың интимдік қарым-қатынасын бала өз көзімен көрген. Міне, сол үшін де бұл мәселе қоғамда бөлек болуы керек. Мұндайлар өте көп екен. Олардың әрқайсысын қуып жүріп сөйлесуге оған адамның ресурсы да, өмірі де жетпейді. Сондайларды болдырмаудың жолын іздеуіміз керек», — деді Нұрлан Байжігітұлы.

Другие новости

Back to top button