Главное
Танымал блогер Артур Асқарұлы заңды түрде отбасын құрды

Танымал қазақстандық блогер Артур Асқарұлы (archibaaalt) мен сүйіктісі Замира (saimira1) ресми түрде некеге тұрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін біздің көңіл жарастырғанымызға бір жыл толды. Енді біз ресми түрде отбасымыз», – деп жазды Артур өз парақшасында.
Замираның әлеуметтік желідегі парақшасында оның киім дизайнымен айналысатыны, соның ішінде жаңа эскиздер жасап, сәнге өзіндік үлес қосып жүргені белгілі. Жас жұп креативті ортада табысқан.
Артур Асқарұлы сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты Көлсай көлдерінің маңында, табиғат аясында жасаған. Бұл сәт әлеуметтік желіде көпшіліктің ыстық ықыласына ие болған еді.