Социум

«Таңертең Ауғанстанға аттанамыз»: желіде қара хиджаб киіп, көк ту жамылған жас қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)

Tiktok әлеуметтік желісінде бет-аузын қара никабпен тұмшалаған 7 қыздың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода 7 қыз «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» әнін қойып, көкке қарап саусақтарын шошайтқан.

Бұл әрекет желі қолданушыларының үрейін тудырды.

«Қорқынышты, апаларымыз бұлай киінбеген. Былай киінген қате, дұрыс емес. Жамылғанның ішінде қару барлары бар шығар. Байқау керек. Арабқұлдар. Қазіргі заманның ниндзялары», — деп жазған олар.

Видеоның авторы болса жазылған пікірлерге жауап бере отырып, «Болды халқым, таң азанмен Ауғанстанға кетеміз» деп жазған.

Другие новости

Back to top button