Нур-Султан

Тамыздан бастап Астанада жол ақысы қымбаттайды

Астанада қоғамдық көлік ақысы 20 теңгеге қымбаттап, 110 теңге деп бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігі автобустарда жол жүрудің жаңа тарифі 1 тамыздан бастап күшіне енетінін хабарлады.

«Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттайды», — делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, қалалық маршруттарда жол жүру құны 90 теңге деп 2014 жылы қыркүйекте белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болып қалады, ол үшін мектептің көлік картасын көрсету – шарт.

Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
  2. жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
  3. көпбалалы аналар;
  4. көпбалалы отбасылар;
  5. мүгедектер;
  6. он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
  7. «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

Другие новости

Back to top button