Алматинская областьГлавное
Талғардағы Шерзаттың өлімі: әкім мен оның орынбасары қызметінен босатылды
Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталуда», — делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.