Главное

Талғарда ер адамды жұрттың көзінше өлгенше сабап кеткен

Талғарда ер адамды жұрттың көзінше өлгенше сабап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше ер адам жерде жатқан адамды соққыға жығып, басынан бірнеше рет тепкілігенін байқауға болады.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

ОҚИҒА ҚАЙДА БОЛҒАН

Оқиға 27 сәуір күні таңертең Бесғаш ауылындағы «Нүрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Алайда азаматтар тарапынан полицияға ешқандай арыз не хабарлама түспеген. Қоғамдық тәртіп бұзушылық әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықталған.

— Қазіргі уақытта көшедегі жанжалға қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Оқиғаға қатысты адамдардың барлығы заң талаптарына сәйкес ұсталып, қатаң жауапкершілікке тартылатын болады, делінген полиция хабарламасында.

ЕСКЕРТУ

Полиция өкілдері кез келген агрессия әрекеттері мен қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің дереу әрі қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Другие новости

Back to top button