Главное

Талғар ауданының білім бөлімі 80-нен аса мұғалімнің ақшасын жеп келген

Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстағаны анықталды. Олар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар.

«Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды.

Бұл түрдегі сақтандырудың азаматтардың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз етуде ерекше маңызы бар екенін атап өту маңызды», — делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Другие новости

Back to top button