Госорганы

Талдықорғанда жігіт балабақша маңында 10 жасар қызды зорламақ болған

Талдықорғанда 19 жастағы жігіт 10 жасар қызды зорламақ болған. Өтіп бара жатқандар қызды ер адамның залым әрекетінен құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кейін қыз анасына хабарласып, барлық мән-жайды айтып берген.

Полицейлер ізін суытпай 19 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

“Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке құрам көтеріліп, шағын ауданның периметрі қоршалған. Іс бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында”, – делінген хабарламада.

 

Другие новости

Back to top button